Қазақ-өзбек шекарасындағы «Қонысбаев» өткізу бекеті қайта құру жұмыстарына байланысты 2020 жылға дейін жабылады. Бұл туралы Өзбекстанның мемлекеттік кеден комитетінің ресми сайтында айтылған.

Салалық ведомствоның мәліметінше, жаяу жүргіншілер, жеңіл және жүк көтергіштігі 3,5 тоннаға дейінгі жүк көліктерінің қозғалысы 1 қарашадан бастап тоқтатылады. Осыған байланысты Өзбекстанның мемлекеттік кеден комитеті жаяу жүргіншілер, тауарлар мен көлік құралын өткізетін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар балама бақылау-өткізу пункттері арқылы шекарадан өте алатынын хабарлайды.

Айта кетейік, Қазақстанның «Қонысбаев» шекаралық бақылау-өткізу бекеті Түркістан облысында орналасқан. Шекара өткелінде Өзбекстан жақтан Ташкент облысының Чиназ ауданында ашылған «Яллама» өткізу пункті бар.

"The Qazaq Times"