Анкараға барған АҚШ делегациясы Түркияның күрд қарулы күштеріне қарсы шабуылын уақытша тоқтатуға көндірді. АҚШ вице-президенті Майк Пенс жасаған мәлімдемеде Түкия шабуылды бес күнге тоқтататынын, осы аралықта күрд қарулы күштері Түркия шекарасына жақын буферлік зонадан шығып кететіні айтылған.

Майк Пенс бастап барған делегация Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен 5 сағаттық келіссөз өткізіп, ақыры соғысты уақытша тоқтатуға келісім алған. Келісім бойынша, 5 күн ішінде күрд құралды күштері Түркия жоспарлап отырған қауіпсіз аймақтан шығып кететін болса, онда Түркия тұрақты түрде келісімді сақтап, шабуыл әрекеттерін жалғастырмайды. Ал, АҚШ болса Анкараға бағыттаған санкциясын қайтарып алады.

Майк Пенс АҚШ делегациясы қан төгісті тоқтату сынды мақсатына жеткенін айтты. «Бұл келісім өмірді қорғау үшін. Келісім қан төгісті тоқтатады. Президент Трамп сол мақсатта жіберді», – деді Пенс.

Бұл әрине уақытта соғыс тоқтату. Күрдтерге берілген бес күн ішінде қандай өзгерістер болатыны белгісіз. Бірақ, оппозициямен қоса, өз партияластарының қысымы да жағадан алып тұрған Трамп дереу уақыттық жеңісін жариялап үлгерді.

Бірақ, ойлап қарасақ келісім бәрі бірдей Ердоғанның жеңісі болатындай. Себебі, ол әскери күшпен ығыстырып тастамақ болған күрд күштері енді бес күн ішінде Түркия белгілеген аймақтан шығып кетуі керек. Ал, күрд күштері шынымен де өңірден шығып кетсе аймақты Түркия қарулы күштері өз бақылауына алады. Егер бұлай болғанда аймақты соғыссыз қолға келтірді десе де болады.

Күрд күштерінің лидері уақытша соғыс тоқтату келісімін қабыл алатынын білдірді. Бірақ, соғыс өрті сұрапыл аймақтарда ғана келісімді қабылдайтынын айтқан, Түркия жоспарлаған барлық аймақты тастап шығу туралы уәде бермеген. Келісімнің қаншалықты жүзеге асары белгісіз. Себебі, жаңа келісім АҚШ пен Түркия арасында ғана болды. Сүрия, Ресей, күрд және өзге тараптар бұл келіссөзге қатысқан емес.

“The Qazaq Times”