Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевке Біріккен Ұлттар Ұйымының премиясы берілді.

Қыркүйек айының 23-і күні Біріккен Ұлттар Ұйымының ведомства аралық жұмыс тобы Шавкат Мирзиеевқа жұқпалы емес аурулармен күресуге үлкес қосқаны үшін арнайы премия берді. Премияны табыстау қарашада  Женева қаласында болмақ. Дәл осы күні БҰҰ-ның ведомства аралық жұмыс тобының 11-ші отырысы өтеді деп жоспарлануда.

2018 жылы Азия журналистер ассоциациясы Шавкат Мирзиеевке «саясаткер» номинациясы бойынша «Жыл адамы» атағын берген. «Жыл адамын» таңдауға қатысқан адамдардың басым көпшілігі Мирзиеевты «Орталық Азия елдерінің қарым-қатынасын жақсарту арқылы бейбітшілік пен тұрақтылыққа теңдесі жоқ үлес қосуда» деп есептеген.

Бұдан бөлек былтыр Түркияның «EcoAvrasya» іскер адамдар бірлестігі Шавкат Мирзиеевті Өзбекстан ғана емес, Еуразияның дамуына қосқан үлесі үшін арнайы жүлдемен марапаттаған.

"The Qazaq Times"