Бүгін Қазақстанның бірнеше қаласында наразылық акциялары өтті.

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қаласында полиция оннан аса адамды ұстады. Наразылық акциясына шыққан белсенділер "Қытай экспанциясына" қарсылық білдіріп, "Шал дұшпан" деп ұрандатты. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бүгін Алматы мен Нұр-Сұлтанда 51 адам ұсталған. Бұған дейін Бас прокуратура халықты рұқсат етілмеген митингіге шықпауға шақырып, арнайы үндеу жариялаған.

Бірнеше күн бұрын экс-банкир, оппозициялық саясаткер Мұхтар Әбілязов халықты "Шал дұшпан" қарсылық акциясына шығуға шақырған.

Нұр-Сұлтандағы ұстаулар.

"The Qazaq Times"