Германия Орта Шығыстағы әскерлерінің міндет мерзімін ұзартты. Елдің Қорғаныс министрлігі жасаған мәлімде жасап Ирактағы міндет өтеп жүрген әскерлері 2020 жылы 31 қазанға дейін міндетін жалғастыратынын айтты.

Германияның Ирактағы әскери қызметкерлері Ирак үкімет күштерінің ДАИШ террорлық ұйымына қарсы күресте қолдау көрсетеді. Негізгі міндеті Ирак жауынгерлерін терроризмге қарсы күреске тәрбиелеу.

Германияның Мали, Ирак, Ауғанстан және Сүрия елдерінде 3500-ден астам әскерлері бар. Олар көбінде террорлық күштерге қарсы күреске және қауіпсіздік сақтауға қолдау міндетін өтейді. Қорғаныс министрлігі сондай-ақ, Иорданиядағы әскерлердің де міндет мерзімін келесі жылдың 31 қазанына дейін ұзартты.

“The Qazaq Times”