Өзбекстан түркі тілдес елдердің «Түркі кеңесіне» кірді. Бұл жөнінде Түркия сыртқы істер министрі Мавлют Чавушоғлы мәлімдеді.

Чавушоғлының сөзінше, «Түркі кеңесінің» ауқымы кеңейіп келеді. Келесі кеңес отырысы қазан айының 16-ы күні өтеді.

«Өзбекстан Түркі кеңесінің құрамына кіруге шешім қабылдады. Кеңес құрамына кіру туралы ресми ұсыныс хат Түркі кеңесі хатшылығына келіп түсті. Бұған қосы біз ресми Ашхабадтан кеңеске бақылаушы ел болып қатысу жөнінде ұсыныс алдық. Біз Түркіменстан тарапы бұған оң баға беріп отыр. Жақын уақытта Түркі кеңесі аймақтағы маңызды ойыншыға айналады» - деді Түркия СІМ.

Түркі кеңесі түркі тілдес мемлекеттердің өзара қарым-қатынасын дамытуға арналған халықаралық ұйым. Қазіргі уақытта оның құрамында Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан және Түркия елдері бар. Ұйым құрылған сәттен бастап мемлекет басшыларының қатысуымен алты саммит өтті.

"The Qazaq Times"