Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь президенті Александр Лукашенкоға жеделхат жолдап, 65 жас мерейтойымен құттықтады, – деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан президенті Беларусь елінің басшысына мемлекет құру ісі және ЕАЭО аясындағы ықпалдастықты дамытудағы айрықша еңбегін атап өткен.

Таяуда Лукашенко Беларусь пен Қазақстан екіжақты қарым-қатынастың жол картасын бекітетінін мәлімдеген. Баспасөз маслихатында ол: «Жақын арада Қазақстанға бару мүмкіндігі туады деп ойлаймын. Сол уақытта өзара қарым-қатынастың барлық мәселесін талқылаймыз. Біз кезінде қазіргі президент Тоқаев мырзамен асықпауға уағдаласқан едік: екіжақты қарым-қатынасты байыппен қайта қарап, жол картасын әзірлейміз. Бұл құжатты Нұр-Сұлтанда бекітеміз», – деді.

Айта кетейік, Александр Лукашенко Беларусьті 1994 жылдан бері үздіксіз басқарып келеді. Қазіргі бесінші президенттік мерзімі 2020 жылы аяқталады. Осыған дейінгі 2001, 2006, 2010 және 2015 жылдардағы президент сайлауларының барлығында 75 пайыздан жоғары дауыс жинаған. Халық арасында Лукашенконың «Еуропаның соңғы диктаторы» деген атағы бар.

"The Qazaq Times"