NASA Жерге Хеопс пирамидасының көлеміндей алып астероидтің жақындағанын хабарлады.

Астероидтың диаметрі – 160 метр яғни дүние жүзіндегі ірі Хеопс пирамидасынан 20 метрге биік. Ғалымдардың айтуынша, 28 тамызда астероид Жерге қырық есеге жақындайды.

Былтыр қаңтарда NASA үлкендігі 1,2 километр және секундына 34 километр жылдамдықпен ұшатын «2002 AJ129» алып астероиды жақындағанын айтты. Дегенмен, оның Жерге соқтығысу ықтималдығы нөлге тең.

Еуропа Ғарыш агенттігінің мәліметінше, Жер үшін ең қауіпті саналатын ғарыш нысандарының бірі 9 қыркүйекте жақындауы ықтимал.

"The Qazaq Times"