Бүгін еліміздегі және күллі әлемде ғұмыр кешіп жатқан мұсылмандар үшін үш күнге созылатын Құрбан айт мерекесі басталды. Бұл арнайы құрбан шалынып Алладан тілек тілейтін және қажылықтың аяқталғанын білдіретін мейрам.

Күллі мұсылмандар қауымын қасиетті Құрбан айт мейрамымен құттықтаймыз. Адамдарды қайырымдылық пен жанашырлыққа үндейтін, халық арасында мейірімділік пен сүйіспеншілік ұялататын, адамгершілік құндылықтарды нығайта отырып, көмекке мұқтаж жандарға қамқорлық жасауға жетелейтін айтулы мерекеде тілеген тілектеріңіз қабыл болсын! Еліміз аман, бауырымыз бүтін болып, тәуелсіз елдің шырағы сөнбесін!

"The Qazaq Times"