Бүгін, 9 тамыз гонконгтық жүздеген наразылар Халықаралық әуежайдың ұшып келу залына жиналды деп хабарлайды Reuters ақпарат агенттігі.  

Демонстранттар  күдіктілерді Қытайға экстрадициялау туралы заң жобасын қабылдамауды, аймақ басшысы Кэрри Ламның отставкасын, 10 аптаға жуық жүріп жатқан наразылықтар кезінде ұсталғандарды босатуды және қарсылық акциясын басуға күш қолданған полиция өкілдерін жазалауын талап еткен. Сондай-ақ олар бүгінгі акцияда үкімет ұстанымына қарсы хабарлама қағаздарын таратуда әрі ондаған тілдерде баннер-лозунгтарымен көпшілікті құлақтандыруға тырысып жатыр.

Үстіне бірыңғай қара футболка киген бірнеше жүздеген наразы топтардың дені жастар. «Қымбатты жолаушы» деп басталатын үнпарақтарда 1997 жылы Британиядан Қытайға берілген аймақтың ұзақмерзімді протестерін бейнелейтін өнер-арт туындылар мен жазбалар көрсетілген. Ағылшын тіліндегі брошюраларда «Мүлдем басқа» Гонконг үшін бізді кешіріңіз» деген жазба бар. «Сіз өткен жолғыдай емес, қираған, бір бөлігі бүлінген қалаға келдіңіз.  Бірақ біз Гонконг үшін күресетін боламыз»,– делінген парақшаларда.

Қарсылық шарасы «Соңғы уақытта Гонконг қоғамы шағын топ жасаған заңсыздық актілерінен зардап шегуде» деп жарияланған 17 шамғымданушының арызынан кейін өрши түскен.

Экстрадициялау туралы заң жобасына қарсы наразылар Қытай халықаралық әуежайының ұшып келу залында жолаушылар үшін плакаттар ұстап отыр. Гонконг. 9 тамыз 2019. Фото: Reuters/Thomas Peter

«Біз бүлікшілер емеспіз»

Жұма күні әуежайда бастапқыда полиция тарапынан ешқандай ұстау әрекеттері болған жоқ.

Reuters агенттігіне пікір білдірген 16 жастағы наразы Шарлотта Лам: «Бұл полиция араласқанша бейбіт акция ретінде өтеді», – дейді.

«Біз жапоннан бастап испан тіліне дейін 16 тілде жапсырмалар, баннерлер, үнпарақтар дайындадық. Біз өз үндеуімізді әлемге жеткізгіміз келеді. Біз бүлікшілер емеспіз, жай ғана адам құқықтары мен бостандығы үшін күресіп жатқан гонконгтық топпыз» деп қорытындылады Шарлотта.

Экстрадициялау туралы заң жобасына қарсы наразылар Қытай халықаралық әуежайының ұшып келу залында жолаушылар үшін плакаттар ұстап отыр. Гонконг. 9 тамыз 2019. Фото: Reuters/Thomas Peter

«Көмектесуге» келген отставкадағы полиция

Осыған дейін БАҚ беттерінде Гонконг билігі 2014 жылғы демократиялық наразылықтарды басуға қатысқан  отставкадағы полиция командирін арнайы көмектесуге  шақыртып алғаны туралы жарияланған еді.

Жаңа тағайындау бойынша бұрынғы полиция комиссарының орынбасары Алан Лау Ип бұдан былай кеңмасштабты іс-шараларда қоғамдық тәртіппен және 1 қазанда өтетін ҚХР-дың негізі қаланғанына 70 жылдық мерекелік шарасымен айналысатын болады.

Айта кетейік, Бейжің  екі айдан аса уақыт бойы басылмай келе жатқан Гонконгтағы наразылықты «Қытайды ұнатпайтын» Батыс пен АҚШ-қолдап отыр деп айыптап, гонконгтық бас көтерушілерді «отпен ойнамауға» шақырған.

Экстрадициялау туралы заң жобасына қарсы наразылар Қытай халықаралық әуежайының ұшып келу залында жолаушылар үшін плакаттар ұстап отыр. Гонконг. 9 тамыз 2019. Фото: Reuters/Thomas Peter

Экстрадициялау туралы заң жобасына қарсы наразылар Қытай халықаралық әуежайының ұшып келу залында жолаушылар үшін плакаттар ұстап отыр. Гонконг. 9 тамыз 2019. Фото: Reuters/Thomas Peter

Экстрадициялау туралы заң жобасына қарсы наразылар Қытай халықаралық әуежайының ұшып келу залында жолаушылар үшін плакаттар ұстап отыр. Гонконг. 9 тамыз 2019. Фото: Reuters/Thomas Peter

"The Qazaq Times"