Қырғызстан экс-президенті Алмазбек Атамбаев қамауға алынды.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Алмазбек Атамбаевқа жемқорлық бабы бойынша айып тағылып, қамауға алынған. Экс-президенттің адвокаты Сергей Слесаревтың сөзінше, ІІМ Атамбаевқа қылмыс әлемінде танымал Азиз Батукаевты заңсыз босату ісі бойынша айып таққан.

«Бұл негізсіз айып. Оны тіпті тергеген де жоқ. Оған бірден тергеуге алынғандығы жөнінде ескерту тапсырды. Бұл заңсыз, себебі Алмазбек Атамбаевтың экс-президент ретінде тиіспеушілік мәртебесі бар» - деді Слесарев.

Тамыз айының 8-і күні арнайы қызмет сарбаздары Алмазбек Атамбаевты Қой-Таштағы үйінде ұстаған. Осыдан бір күн бұрын болған операция кезінде 1 сарбаз көз жұмып, 45 бейбіт тұрған жарақат алған.

"The Qazaq Times"