НАСА ғалымдары агрозерттеу  орталығының  мамандарымен бірлесе отырып Марстағы жағыдайға ұқсас  арнайы зертханада картоп өсіруге байланысты тәжірибені сәтті аяқтады деп хабарлайды Phys.org.

Перудегі астробиолог Хуан Вальдивия-Сильва (Juan Valdivia-Silva): "Дәл Марстағы жарық, жылу, топырақтың құрамына ұқсатып, дайындалған CubeSat -та картоп өсіп шығуы - Марста да өсімдік өседі деген болжамды растап отыр. Біз бұл тәжірибені кортоптың нақты қай түрі Марста жақсы өсетіндігін анықтау үшін бірнеше мәрте қайталайтын боламыз" - деп, мәлімдеді.

Зерттеу жұмыстарының басталғандығы жайлы НАСА өткен жылдың басында мәлімдеген болатын. Тәжірибе барысында Марстағы атмосфера, қысым мен тұқымның құрамы секілді маңызды элементтерді ескере отырып CubeSat  құрастырылған,. Ал осы құрылғының ішінде бүгінде картоп өсіп шыққандығын жекізуде.

Фото: International Potato Center

Бұл танымал Энди Уирдің  романының желісімен түсірілген "Марсианин" фильміндегі оқиғаның рас болуы мүмкін деген болжамды да растап отыр. Фильмде Марк Уотни атты ғарышкердің Марсқа сапарында апатқа ұшырап, құтқарушылар келіп жеткенше арнайы жылыжай жасап, картоп өсіріп, өмір сүруіне тура келгендігі жайлы баяндалады.

“The Qazaq Times”