Қырғызстан экс-президенті Алмазбек Атамбаев ұсталды.

Тамыз айының 7-і күні Қырғызстанда Алмазбек Атамбаевтың үйіне арнайы жасақ сарбаздары басып кіріп, экс-президентті ұстады. Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, операция барысында 10-ға жуық адам жарақат алған. Арнайы жасақ оларға қарсы резинка оқ пайдаланған.

Қырғызстанның қазіргі президенті Сооронбай Жээнбеков пен Алмазбек Атамбаев екеуінің қарым-қатынасы Жээнбеков билік басына келе салысымен бұзылған. Атамбаев бұрынғы партиялас әріптесін "билікке жақын туысқандарын тартып, кландық жүйе құрды" деп айыптаса,  Жээнбеков экс-президент жақтастарын қызметінен алып, бірнешеуінің үстінен жемқорлық бабы бойынша қылмыстық іс қозғатқан.

"The Qazaq Times"