«Астана LRT» ЖШС-нің бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданға халықаралық іздеу жарияланды.

Үкімет үйінде өткен баспасөз маслихаты барысында аталған компанияның қазіргі басшысы Бекмырза Игенбердиев сот Т.Арданға қатысты сырттай шешім шығарып, іздеу жариялағанын айтты. «Астана LRT»-нің басшысы Игенбердиев: «Осы іске қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатқандықтан, әзірге өзге ақпараттарды жариялай алмаймыз. Бұл мәселе 2008 жылдан бері айтылып келеді», – деді.

Осыған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Астана LRT»-нің бұрынғы басшысының атынан қылмыстық іс қозғап, оны қамауға алу туралы өтініш жолдаған. Қазіргі уақытта Интерпол осы мәселені назарда ұстап отыр.

Айта кетейік, «Астана LRT» құрылысы 2016 жылы басталған. Бастапқы жоспар бойынша құрылыс жұмыстары 2019 жылы 31 желтоқсанда аяқталып, 2020 жылы жазда пайдалануға берілуі тиіс еді. 22 километрден асатын жолды салуға 1 миллиард 887 миллион доллар бөлінген. Бірақ кейін құрылыс жұмыстары тоқтап қалған.

"The Qazaq Times"