Биылдан бастап Ұлттық университет ректорларын президент тағайындамайтын болды. 

Алдағы уақытта ұлттық университеттердің ректорлары конкурстық негізде тағайындалмақ. Бұл жөнінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Твиттердегі жеке парақшасында жазды. Осыған дейін ұлттық санаттағы жоғары оқу орындарының ректорларын президент сайлайтын.

Президент жазбасында: «ҚР Білім және ғылым министрі Айдын Аймағамбетовке ұлттық университеттердің ректорларын конкурстық негізде Үкіметтің қаулысымен тағайындау жөнінде нормативтік құжаттар әзірлеуді тапсырдым. Қазіргі ректорларды президенттің жарлығымен тағайындау процедурасы күшін жояды», – деді.

"The Qazaq Times"