Ердоған С-400 жөнінде: Түркия тарихындағы маңызды келісім

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған ресейлік С-400 зымыран жүйесін сатып алуға байланысты мәлімдеме жасады. Оның сөзінше, Ресеймен жасасқан келісім Түркия тарихындағы ең маңызды келісім.

«С-400 зымыран жүйесі Түркияға бейбітшілік және тұрақтылық орнатуға көмектеседі. Біздің тарапымыздан қабылданып жатқан шаралардың барлығы Түркия қорғанысын күшейтуге бағытталған. Анкараның соғыс ашу жоспары жоқ» - деп мәлімдеді Ердоған.

2017 жылдың желтоқсан айында Түркия Ресеймен С-400 зымыран жүйесін сатып алуға байланысты құны 2,5 миллиард долларды құрайтын келісімге келген. 12 шілде күні Анкара С-400 жүйесінің алғашқы легін қабылдап алған.

"The Qazaq Times"