Франция АҚШ және Ресейдің ізімен әскери-әуе қорғаныс саласына қарайтын ғарыш қарулы күштері қолбасшылығын құрмақ. Бұл туралы ел президенті Эммануэль Макрон ВВС-ге сұхбатында жария етті.

Ұлттық мереке ретінде тойланатын Бастилияны азат ету күні қарсаңында ресми мәлімдеме жасаған Макрон: «Францияның ғарыш потенциалын дамытып, нығайту үшін қыркүйекте ірі ғарыш қолбасшылығы құрылады. Ол бірте-бірте елдің әскери-әуе ғарыш күштеріне айналады», – деп мәлімдеді.

2018 жылдың маусымында Трамп Пентагонға қосымша әскер ретінде АҚШ-тың әскери-ғарыш күштерін қалыптастыруды тапсырған. Сол жылы желтоқсанда Ақ үй басшысы ғарыш қолбасшылығын құру туралы Жарлыққа қол қойды. Ал Ресейде әскери-ғарыштық күш құрылымдары 2015 жылдан бері бар.

"The Qazaq Times"