Бұған дейін бірқатар елдің ақпарат құралдарында Ресейдің бітімгершілік әрекеттерінің негізінде АҚШ-Иран Сыртқы істер ведомстволары арасында келіссөздер жүргізіліп жатқаны айтылған еді. Алайда, Иран Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Иран Сыртқы істер министрінің баспасөз хатшысы Сейид Аббас Мусави Иран мен АҚШ арасында Ресейдің ара ағайындығымен келіссөздердің басталғаны туралы мәліметтерді «қауесет» деп бағалады. Ол Иран-АҚШ арасында келіссөзер болмағанын айта келіп: «Иран ешбір деңгейде АҚШ-пен келіссөз жүргізбейді», – деді.

Иранның рухани көсемі аятолла Хомейни Иран АҚШ-тың қазіргі үкіметімен ешқандай келіссөзге келе алмайтынын айтқан. Екі елдің келіссөзге деген талаптары тым алшақ екені белгілі. Иран 2015 жылғы келісімді сақтауды қуаттаған. Алайда, АҚШ үкіметі бұл келісімді жарамсыз деп санайды. Құрама Штаттар тарабы Иранды экономикалық қысымдар арқылы жаңа келіссөзге келтіргісі келеді.

“The Qazaq Times”