Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы жарылысқа байланысты қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа бірден қатаң сөгіс жариялады.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Арыстағы жарылыс оқиғасына байланысты министрге қатаң сөгіс жарияланатынын мәлім етіп, бұл жағдайдың «әскери мекеме бақылауының әлсіреуі және жүйелі кемшілік» салдарына тоқталған. Президент сөзінде: «Мен қорғаныс министрлігіндегі жағдайға қанағаттанбай отырғанымды білдіремін. Сондықтан сізге қатаң сөгіс жариялаймын», – деді. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев министр Ермекбаевтың тағайындалғанына көп болмағанын айта отырып, елдегі қорғаныс саласына толық жауапты екенін еске салды.

Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында 24 маусымда таңертең жарылыс орын алған болатын. Салдарынан үш адам қаза тапты – Арыс тұрғыны мен екі әскери қызметші. 170-ке жуық адам зардап шекті. 20-ға жуық үй, 9 қора-қопсы жанып, далалы аумақта 14 ошақ тұтанды. Үй-жайлар мен ғимараттардың 80-90 пайызына әртүрлі деңгейде зақым келді. Бірқатар өңірде шұғыл желілер құрылды.

"The Qazaq Times"