Грузияның сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде: "Мұндай жобаны жүзеге асыру - Грузияның алдында тұрған қиындықтарды ескеретін болсақ, мүмкін емес" - делінген. 

Тбилисидегі Грузия үкіметі Австрияның СІМ-нің басшысы Себастьян Курцтың қашқындарды Грузия және ЕО-қа кіретін басқа да елдерге орналастыру жайындағы мәлімдемесіне осылай жауап қатты.

"Еуроодақ аймағындағы қашқындарды Грузия аймағына орналастыру туралы мәселе біздің тараппен ешқашан талқыланған емес, сонымен қатар, Австрияның сыртқы істер министрінің Грузияға ресми сапарында да бұл тақырып жайында әңгіме қозғалмаған болатын" - деп, мәлімдеді, Грузияның сыртқы істер министрі.

Есетріңізге сала кетсек, алдыңғы аптада Австрияның СІМ Себастьян Курц қашқындарды Грузияға жіберу жайлы ұсыныс тастаған болатын.

"The Qazaq Times"