Сатурннің ең ірі спутнигі Титанды зерттеу мақсатында NASA агенттігі Dragonfly ғарыш аппаратын жібермекші.

Dragonfly ғарыш аппараты Титандағы органикалық заттарды зерттеуге, ондағы өмір сүруге мүмкіндіктің бар жоғын анықтап, бұған дейінгі тіршіліктің және қазіргі жағдайын көрсететін химиялық маркерлерді іздеуге мүмкіндік беретін құралдармен жабдықталған.

NASA агенттігінің директоры Джеймс Брайденстайнның айтуынша, Сатурннің ең ірі спутнигін зерттейтін Dragonfly ғарыш аппараты Титан атмосферасының 160 км-дан  астам қашықтығын қамтитын алғашқы пилотсыз ұшу аппараты болмақ.

Сондай-ақ, жоспар бойынша, Dragonfly ғарыш аппараты Сатурннің ең ірі спутнигіне 2026 жылы жіберіледі, ал 2034 жылы Титанға жетеді деп күтілуде.

Айта кету керек,  Титан спутнигі Жер планетасына өте ұқсас болғандықтан, Жер планетасындағы өмірдің қайлай пайда болғандығын зерттеуге мүмкіндік береді дейді ғалымдар.

"The Qazaq Times"