Арыс қаласындағы жағдайға байланысты Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз брифингі өтті. Баспасөз жиынын Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов өзі басқарды.

Жарылыстан кейін Шымкент қаласына жиналған Арыс тұрғындарына көрсетіліп жатқан көмектер туралы айта келіп, қала әкімі Ғабидолла Рахметоллаұлы әлеуметтік желілер арқылы тарап жатқан түрлі қауесеттерді жоққа шығарды және БАҚ өкілдерінен дұрыс ақпарат таратуды өтінді.

«Құрметті қала тұрғындары және басқа да азаматтар, бұл оңай  жағдай емес. Мамандардың бәрі жұмыс істеп жатыр. Сондықтан, бұндай уақытта провокациялық видео, аудио мәліметтерді тарату, менше ол – қиянат», – деді.

“The Qazaq Times”