Түркістан облсында жүрген тілшіміз Асан Анарбайұлы бүгін Шымкенттегі Арыс жұртымен жолығып, пікірлесіп, хал-ахуалдарын білді. 

"Шындықты екшім көрген жоқ, Арыстың тұрғындары ғана көрді" – дейді апаттан бас сауғалап қашып шыққан тұрғандардың бірі. Арыстағы жарылыстан кейін баспанасын тастап қашып шығуға мәжбүр болған тұрғындар қалаға қайтқысы келмейтінін айтуда. Олар Арыс қаласында қауіпсіз әрі алаңсыз өмір сүру мүмкін емес деген пікірде.

«Біз осындай жағдайды 10 жылда екінші рет көрдік. Ешкім көмектеспеді, өзіміз қашып шықтық», – дейді Арыс қаласында тұратын 60 жастағы әжей Кемелбекова Гүлзира. Ол жарылыс болғаннан кейін немересін алып түс ауа қаладан әрең қашып шыққан.  Зейнеткер әжей бұған дейін қалада эвакуациялық жаттығулардың да жасалмағанын, тіпті жарылыс болғаннан кейін дабыл да қойылмағанын айтады.

Арыс тұрғындарының бірі Тәжібаева сөзінде: «Арысым ашылды десе мен бармаймын емес, барамын. Халықтың күші бар, «көп түкірсе – көл» деген. Еңбегімізбен, қара күшімізбен Арысты қайта тұрғыза аламыз. Бірақ, оның болашағы бар ма? Жалғыз мен емес, үрім-бұтағыммен қашан жарылып кетеміз деген алаңмен өмір сүргім келмейді. Бір ғана айтарым – халықты қауіпсіз жерге көшірсін», – деген талабын айтады.

“The Qazaq Times”