Арыстағы жарылыстан екі адам көз жұмды.

Премьер-министр Асқар Мәмин Арыста болған жарылыстан екі адамның көз жұмғанын мәлімдеді.

«Мемлекет басшысы Арыстағы оқиға орнына барды. Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмалар берді. Тиісті шаралар ұйымдастырылып, Арыс халқы қауіпсіз аймақтарға көшірілді. Өкінішке орай бір тұрғын мен бір әскери қызметкер көз жұмды. Туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамын. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілуде» - деді Мәмин.

Маусым айының 24-і күні Арыс қаласындағы әскери қомалардың бірінде жарылыс болған. Бастапқыда Қорғаныс министрлігі жарылыс салдарынан ешқандай адамның зардап шекпегендігін айтып, мәлімдеме таратқан. Кейінен әлеуметтік желілерде жарақат алған адамдардың бейнероликтері тараған.

"The Qazaq Times"