Иран Ислам Республикасы СІМ-нің ақпарат хатшысы Сауд Арабиясы королінің Куала-Лумпурға сапарының соңында жариялаған қорытынды мәлімдемесіне қарата пікірінде: «Малайзия үкіметінен күдікті орталар тарапынан ислам әлемін әлсірету мақсатында көтеріліп, таратылатын мәселелерге араласудан бас тартуды сұрайтынын ParsToday хабарлады.

Бір елдің мәдени ықпалы мен атсалысуы оның тарихы, мәдениеті мен өркениетінің байлығы, дәстүріне байланысты. Бұл болмыстық, мәдени және толығымен табиғи әрі халықтық іс болып табылады. Бұған ешбір әскери, экономикалық және саяси тетіктер арқылы қол жеткізуге болмайды.

Иранның принципті саясаты өзара құрмет, басқа елдердің ішкі істеріне араласпау, тұрақтылық, қауіпсіздік пен бейбітшілікті нығайту және лаңкестікпен күресу мақсатында тату көршілестік қатынас орнатып,  көршілес елдермен, сондай-ақ аймақтық  және әлем елдерімен әріптестік жасауға негізделген»,-деп қуаттады.

Сауд Арабиясы мен Малайзия Малек Салманның осы елге жасаған сапарының  соңында ортақ мәлімдеме жариялап, Иранға негізсіз айыптар тағып, Теһранды аймақ елдерінің ішкі істеріне араласады деп айыптады.

“The Qazaq Times”