Бүгін Алматыдағы «Боралдай Сақ қорғандарында» «Ұлы дала – көшпенділер әлемі» атты Халықаралық этно-мәдени фестивалы басталды. Дәстүрлі фестивальда көшпенділердің ұмыт болып бара жатқан мұралары мен салт-дәстүрлері насихатталмақ.

Қазақстан құрамасы сахнада. Фото: QT.

Алматы қалалық әкімдігінің тікелей қолдауында өтіп жатқан халықаралық шараға бағызы көшпенділердің бүгінгі мұрагерлері саналатын елдердің этномузканттар мен спортшылары жиналған. Айталық, Моңғолия, Таулы Алтай, Қалмақ Республикасы, Якутия, Тыва, Бурятия, Саха Республикасы, Қырғызстан, Өзбекстан, Мажарстан, Башқұртстан, Дағыстан және Украина  сынды 18 елден жиналған өнерпаз, спортшылары және өзге де қонақтары жиналған.

Бурятиялық шамандар. Фото: QT.

Фестивальдің ашылуы концерттік шарамен басталды. Қазақстандық өнерпаздар қола дәуірінен тартып, күні кешегі Қазақ хандығына дейінгі даламыздағы көшпелі мәдениеттің іздерін сахналандырылған қойылымдармен жеткізуге тырысты.

Жүгенсіз жүйрік пен "Номад" шабандоз. Фото: QT.

«Сақ қорғандары» этно-көрмесінің жанында «киіз қала» жасалып, қазақ үй мен абылайша, итарқаларда көшпенділер мәдениетінің мұралары, қолөнер бұйымдары, музыка аспаптары көрмеге қойылған. Сондай-ақ, қолөнерші шеберлер қызығушыларға шеберлік сабақтарын өтуде.

"Жылқыны қолға үйрету" қойылымы. Фото: QT/Естай.

Шарада, ат үстінде садақ ату, жамбы ату, асау үйрету тағы басқа да атүсті спорттары мен дала жауынгерлерінің спорттық мұраларынан бәсекелер оздырылуда. Сонымен қатар, көшпелінің өзгеде спорт түрлері мен өнер мұралары бірнеше аймақтарға бөлініп, келушілерге жан-жақты насихаттамақ.

Алматы қаласының әкімі және әдебиет пен өнер қайраткерлері. Фото: QT.

Айта кетейік, шараның ұйымдастыру жұмыстарында, сахналық қойылымдар да түрлі өнер жарыстарында көшпенділердің бүгінгі ұрпақтары бабалардың дәстүрлі мәдениетінен барған сайын алыстап бара жатқанын байқауға болады. Мұндай дәстүрлі мәдениетті, ұлтты этно-тарихты насихаттайтын шараларда этнографтардың, соның ішінде көненің жосын-жоралғысына жүйрік этнограф, тарихшылардың орыны өгейсіп-ақ тұрады.

"Батырлар". Фото: QT.

Айталық, қойылымдар мен кейбір салт-дәстүрлерді насихаттауда этнографиялық нақтылықтар мүлде сақталмайтынын баса айтқымыз келеді. Жүгенсіз ат міну, қомсыз түйеге жүк арту бағызы көшпенділер үшін қаншалық сорақы іс екенін бүгінгі «насихатшылар» біле ме екен?!

"Қарағай садақ будырып, қылшанымды оққа толтырып". Фото: QT/Естай.

“The Qazaq Times”