Қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызының әуелі қоғам қауіпсіздік мекемесіне шақырылып, шыға сала соққыға жығылуы туралы президенттікке кандидат Әміржан Қосанов әлеуметтік желідегі парақшасында пікір білдірді.

Қоғамдық-саяси өмірде "соққыға жығу" деген лас, пәле әдіс келмеске кетті ме деп жүрсем!

Жаңа ғана Абзал Құспан хабарлғандай, Сәуле Әбілдаханқызы секілді намысшыл, әділетшіл қазақ қызын полиция ғимаратынан шыға бергенде бір топ әйел соққыға жығыпты! Оны маска киген біреулер видеоға түсіріп тұрған екен!

Бұл не деген бассыздық! Не деген сорақылық! Не деген масқара!

Құзырлы органдар мына қылмысты дереу бақылауға алып, соққыға жыққандарды (және осы қорқыту-үркіту акциясын ұйымдастырушыларды!) тауып, қатаң жазасын беруі тиіс деп санаймын!

"The Qazaq Times"