Қазқастанның тұңғыш президенті Н.Назарбаев астанадағы Назарбаев университеті түлектеріне диплом табыстап, «Біздің буын қолдан келгеннің бәрін жасады деп айта аламын» – деді.

Назарбаев сөзінде: «Сіздер Қазақстаннан келгендеріңізді айтсаңыздар – шетелде сіздерді жылы қабылдайтын болар. Солай ма!? Міне, біз осыны көздедік. Қандай жолды таңдасаңыздар да - жарқын жол тілейміз. Қазақстан - әрдайым дамып келе жатқан ел. Біз өз тәуелсіздігіміздің 28 жылдық белесіне аяқ бастық. Былай қарасаң, тарих үшін тым қысқа уақыт. Бірақ, өткен жолды сараптап, қиындықтарды еңсеру даңғылына қарасақ - біздің сарапшылар осы 28 жылды 100 жылмен салыстырады. Солай да шығар. Себебі, қазақтар мен Қазақстанның бұрынғы тарихын соңғы 28 жылдық кезеңмен салыстырар болсақ, шынында да, орасан зор еңбек еткенімізді байқаймыз», – деп, қазақ халқының бұрын-соңды осындай өмір сүрмегеніне кезекті мәрте тоқталып өтті.

Айта кетейік, Назарбаев университетінде салтанатты түрде V оқу бітіру рәсімі өтіп жатыр. Биыл аталған университеттен 565 бакалавр, 378 магистр, 14-і медицина докторы және докторантура бағдарламасы бойынша 6 студент оқу бітірген.

"The Qazaq Times"