2024 жылы Жер серігіне жіберілетін модуль жобасын таныстырылды.

Аталған модульді миллиардер Джефф Безостың "Blue Origin" компаниясы құрастырған. Алғашқы сынақтар осы жылдың жазынан басталады. Бұл миссияның басты мақсаты - Айдың оңтүстік полюсінде орналасқан Шеклтон кратеріне жету.

Конструкторлардың мəліметінше, Blue Moon модулі ол жаққа 6,5 тонна жүк жеткізуге қауқарлы. Сондай-ақ Ай орбитасына шағын жасанды серіктер де ұшыра алады. Алдағы уақытта "Blue Origin" компаниясы ұшқышсыз қондырғы нұсқаларын көпшілік назарына ұсынбақ.

"The Qazaq Times"