Биыл XX ғасырдың алғашқы жартысында Шығыс Түркістанның тәуелсіздігі үшін күрескен ұлт азаттық қозғалысының қолбасшысы Оспан батыр Сіләмұлының (1899-1951) туғанына 120 жыл толды. Осыған орай «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры мен «Ұлт болмысы» республикалық патриоттық, әдеби-танымдық журналы бірлесіп, даңқты батырдың 120 жылдығына арнап халықаралық деңгейде ауқымды шаралар ұйымдастырып отыр.

 

Соның бірі БАҚ-та жарияланған материалдарға арналған бәйге.

Бәйгеге Оспан батырдың 120 жылдығына арналған кез-келген шараны насихаттауға ат салысқан және Оспан Сіләмұлының (қайраткерлік, батырлық, дипломатиялық т.б қырларын) тұлғасын жан-жақты ашуға бағытталған жұмыстары бар журналистер қатыса алады.

Жалпы жүлде қоры екі миллион теңгені құрайтын байқау үш номинация бойынша өтеді.

Бас жүлде - 500 мың теңге

Радио-телевидение

  1. Бірінші орын - 200 мың теңге
  2. Екінші орын - 150 мың теңге
  3. Үшінші орын - 100 мың теңге

Ынталандыру - 50 мың теңге

Газет-журнал

  1. Бірінші орын - 200 мың теңге
  2. Екінші орын - 150 мың теңге
  3. Үшінші орын - 100 мың теңге

Ынталандыру  - 50 мың теңге

Сайт және блогерлер

  1. Бірінші орын - 200 мың теңге
  2. Екінші орын - 150 мың теңге
  3. Үшінші орын - 100 мың теңге

Ынталандыру - 50 мың теңге

Жарияланған материалдарды ұйымдарстыру алқасына тіркету міндетті. Материалдар санына шектеу жоқ. Байқауға  2019 жылдың 1-қаңтары мен 1-тамыз аралығында жарияланған (мақала, сұхбат, сюжет, репортаж,  т.б жанрларда) материалдар қабылданады. Шығармашылық материалдарды қабылдау 9-тамызда аяқталады. Жеңімпаздарды марапаттау 2019 жылдың тамыз (күні анықталады) айында өтеді. Марапаттау шарасына шақырылатын журналистердің шығындарын (жол, қонақ үй, т.б) ұйымдастыру алқасы көтереді.

Ұйымдастырушылар:

«Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры,

«Ұлт болмысы» республикалық патриоттық, әдеби-танымдық журналы

Байланыс:

E-mail: erjanibek.2007@gmail.com

E-mail: utelrose@mail.ru

Mob: +7 707 790 00 97  Қойшыбек Мүбарак

Mob: +7 701 694 28 24  Роза Өтелова

Mob: +7 705 156 64 95  Әмірболат Құсайынұлы

"The Qazaq Times"