Франция президентінің Франсуа Олланд салтанатты жиын барысындағы халық алдында сөйлеу рәсімінде  полиция снайпері абайсызда оқ атуы салдарынан екі адам жараланды деп хабарлайды bbc.com.

Оқыс оқиға Францияның батысындағы Вильоньон қаласында жаңа теміржол бөлімшесінің ашылу салтанында орын алған. Снайпер ресми шара өтіп жатқан жерден жүз метрдей қашықтықта орналасқа нысанның шатырында отырған. Кей деректер бойынша мерген абайсызда тайып кетіп, оқыстан шүріппені басуынан оқ атылып кеткен. Теміржол компаниясының  қызметкері мен даяшы аяқтарына тиген оқтан жеңіл жарақат алған.

Атыстан кейін  салтанатты шараны сәл тоқтата тұруға тура келді, бірақ халық арасында дүрбелең орын алмады.

Фото: bbc.com 

Шара аяқталғаннан кейін президент жарақат алғандардың жағдайын сұрап қайтқан болатын. Бұл оқиға бойынша Франция билігі тексеріс жұмыстарын бастап кетті.

“The Qazaq Times”