Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі кеше Шри-Ланка орталық қаласы мен бірнеше ірі қалаларында болған террористік шабуылдарды айыптады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында жазбаша мәлімдеме таратты.

Мәлімдемеде Қазақстан тарабының 21 сәуірде Шри-Ланка астанасы Коломбода және Негомбо мен Баттикалоа қалаларында болған террористік шабуылдарды қатаң айыптайтыны айтылған. Қазақстан тарабы терроризмнің кез-келген көріністеріне қарсы екенін, терроризмге қарсы күресті белсенді түрде қолдайтынын жеткізген.

Бұған қоса мәлімдемеде, терроризмге қарсы кең ауқымдағы халықаралық коалиция құру арқылы лаңкестікке қарсы күрестегі халықаралық әрекеттерді үйлестіруге шақырған. Әрі, Шри-Ланкадағы шабуылдан көз жұмған бейбіт тұрғындардың туған-туыстарына көңіл айтқан.

Айта кетейік, кеше Шри-Ланканың бірнеше қаласында террорлық шабуыл болып, шіркеу мен қонақ үй және әлеуметтік орындарға бағытталған шабуылдан 250-ден астам адам көз жұмып, 400-ден астам адам зардап шеккен болатын. Қазірге дейін бірде бір ұйым террорлық шабуылды өз мойнына алған жоқ. Алайда, елдің қорғаныс министрі шабуылды кімдердің ұйымдастырғанын білетінін айтқан.

“The Qazaq Times”