Бүгін, 19 сәуір Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінде дәстүрлі «Әдеби жыл» қорытындысына арналған жиын өтті. Жиынға Жазушылар одағы басқармасының өкілдері, одақ мүшелері және өзге де ақын-жазушы қаламгерлер мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Дәстүрлі «Әдеби жыл» қорытындысына арналған жиынды Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Ұлықбек Есдәулет жиынды бастап ашты. Жазушылар одағы «Проза» кеңестінің төрағасы Қуандық Түменбай бір жыл ішінде жарық көрген прозалық еңбектер мен бүгінгі таңдағы прозаның жай-күйіне тоқталса, «Поэзия» кеңесінің төрағасы Нұржан Қуантай жыл бойында оқырманға жол тартқан жыр жинақтары туралы тоқталды.

Ал, әдеби-сынның тақырыбында Жанғара Дәдебаев, аударма төңірегіндегі әңгіме тізгінін Заманбек Әбдешве сөз алды. Қазақстандағы балалар әдебиетінің жаңа есімдермен толығып жатқаны айта келіп, Арасанбай Естенов бірқатар шығармаларға да жеке-жеке тоқталып өтті.

Сондай-ақ, бүгінгі жиында  Халықаралық "Алаш" сыйлығының иегерлері марапатталды. 2017-2018 жылғы "Алаш" сыйлығының иегерлері 5 сәуір күні Қазақстан Жазушылар одағының Секретариат мәжілісінің шешімімен жарияланған еді. 

2017 жылдың иегерлері:

1. Ғұсман Жандыбаевқа «Арман ауыл» өлеңдер жинағы

2. Нұрдәулет Ақышқа «Рақымсыз көк тем» әңгімелер жинағы

3. Сайлаубай Жұбатырұлына «Абыржы» 3 томдық шығармалар жинағы

4. Қайсар Әлімге «Міржақыптың оралуы. Возвращение Миржакипа». Хикаят сапарнама, (екі тілде);

5. Шәмшабану Хамзаға ІІ томдық шығармалар жинағы; 

6. Мира Шүйіншәлиеваға «Ар азабы» пьесалар, хикая мен әңгімелер жинағы

7. Дәулеткерей Кәпұлына «Терісбұ рау» өлеңдер жинағы

8. Мырзан Кенжебайға «Өттің, дүние» өлеңдер жинағы

9. Сайлаубай Тойлыбаевқа «Сар но қай саздары» ІІ томдық өлеңдер жинағы

2018 жылдың иегерлері:

1. Нармахан Бегалиевке «Жаз – жалбыз» өлеңдер жинағы

2. Зейнолла Тілеужановқа «От адам» өлеңдер жинағы

3. Байбота Қошым-Ноғайға «Жұмақ нұры» өлеңдер жинағы

4. Нұржан Қуантайұлына «Асыл сөз» роман және әңгімелер жинағы; 

5. Дәурен Қуатқа «Бөрісоқпақ» әңгімелер жинағы

6. Өмірзақ Қажымғалиевке «Жаңғырық» трилогиясы

7. Мінуар Әкімхановқа «Көңілге тұнған көп сурет» өлеңдер жинағы

8. Патигүл Мақсатоваға (Патям) «Хар пәсил нин гузаллиги бар» өлеңдер жинағы

9. Әмина Құрманғалиқызына «Әулет пен нәубет» шығармалар жинағы

10. Серікбай Оспановқа «Алқоңыр» өлеңдер жинағы

“The Qazaq Times”