Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы антибиотиктерге төтеп беретін және адам ағзасына аса қауіпті деп танылған бактериялардың тізімін жаңартты деп хабарлайды bbc.com .

Ұйымның жариялаған мәліметтеріне сәйкес ішек таяқшалары қауіпті бактериялардың көшін бастайды. Иммундық жүйесі әлсіз адамдар үшін өлім қатерін төндіретін қан жұқпалары мен іш өту секілді  белгілерге себеп болатын осы ішек таяқшалары.

Ғалымдармен ұсынылған бұл тізім осы жазда Германияда өтетін G20 саммитінде талқыланбақ.  Халықаралық саммиттің мақсаты – емделуге келмейтін инфекцияларға қарсы антибиотиктер мен жаңа дәрі-дәрмектерді жасау болып отыр.

Осы уақытқа дейін де мамандар  жаңа постантибиотиктер дәуірінің орнайтынын және қолдағы бар дәрі-дәрмекпен емделуге келмейтін инфекциялардың пайда болатындығы жайлы бірнеше мәрте ескерткен болатын. Осы инфекциялардың емі табылмаса, болашақта кең таралып  адамзат үшін қауіпті апатқа алып келуі мүмкін екендігі жеткізді.

Денсаулық сақтау жүйесіне енгізілген бактериялар тізімі дәрілерге төзімділігі мен  көп жағыдайда өлім тудыру қаупіне байланысты жасалды.

Тізімнің басындағы клебсиелла бактериясының антибиотиктердің ең мықтысы саналатын карбапенемға  да төтеп беретіндігі анықталып отыр.

Осы бактериядан туындайтын инфекциядан жақында АҚШ-та бір әйелдің өлімі тіркелген болатын. Оның емделуіне дәрігерлердің қолындағы 26 түрлі антибиотиктің біреуі де көмектесе алмаған.

Назарларыңызға қауіпті бактериялардың толық тізімін ұсынамыз.

Бірінші дәрежелі  қауіпті бактерияларға:

Бауманның акинетобактериясы  (карбапенемға төзімді) – қанайналым жүйесі және тыныс алу органдарына қатерлі.

Синегной таяқшалары (карбапенемға төзімді) - қанайналым жүйесі және тыныс алу органдарына қатерлі.

Энтеробактериялар, клебсиеллу, ішек таяқшалары, серрация және протеус (карбапенемға төзімді) - қанайналым жүйесі, зәр шығару органдары мен тыныс алу жолдарына қатерлі инфекция тудырушы бактериялар жатады.

Аса қауіпті бактерияларға жататындар:

Энтерококки фэциум   (ванкомицинге  төзімді) – қанайналым жүйесіндегі және алған жарақатқа түсетін қатерлі инфекцияларға алып келеді.

Сары стафилококк (метициллинуге төзімді, ванкомицинуге бейтарап, кейде төзімді) - зәр шығару органдары мен тыныс алу жолдарына, қанайналым жүйесіндегі және алған жарақатқа түсетін қатерлі инфекцияларға алып келеді.

Хеликобактер пилори (кларитромицинге төзімді) – асқазандағы ойық жараға алыпр келетін инфекция тудырушы.

Кампилобактерлер  (фторхинолонға төзімді) – өткір диарея мен қанайналым жолдарындағы инфекцияларға алып келеді.

Салмолнелла (фторхинолонға төзімді) – өткір диарея мен қанның улануына алып келді.

Гонококки (фторхинолон мен  цефалоспоринге төзімді) – бедеулікке алып келетін жыныс жолдарымен таралатын инфекция. Кей кездері қанайналым жолдары мен буындарға да таралуы мүмкін.

Қауіпті бактерияларға жататындар:     

Пневмококк (пенициллинге төзімді) – тыныс алу жолдарының инфекциясына, менегитке және қанның улануына  алып келуі мүмкін.

Гемофиль таяқшасы  (ампициллинге төзімді) - тыныс алу жолдарының инфекциясына, менегитке және қанның улануына, буын мен тері инфекцияларына алып келу қатері жоғары.

Шигелдер (фторхинолонға төзімді) – бүйрек жетіспеушілігіне, асқынуға алып келетін диареяны тудыруы мүмкін.

«The Qazaq Times»