Германия мен Қазақстанның екіжақты қатынасты дамытудағы жаңа бағыттары үкіметаралық жұмыс тобының Берлинде өткен XII отырысында талқыланды.

Басқосуда қос тарап сауда-экономикалық, ауылшаруашылық, көлік, туризм қатынастарына тоқталып, цифрландыру, білім беру және энергияны үнемдеу мәселелерін талқыға салды. ауыл техникасын құрастыру зауытын салу жобасы.

Кездесуге байланысты ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев: «Германияда білім беру тегін. Бұл ретте неміс үкіметімен тиісті келісімге қол қойсақ деген ойымыз бар. Қазіргі таңда бұл мәселені қос елдің білім беру министрліктері біздің студенттерді сонда оқыту мәселесін талқылап жатыр. Екі елдің де қарым-қатынасы жаңа деңгейге шықты. Осыған сәйкес екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жол картасы дайындалып жатыр. Құжатта стратегиялық маңызға ие жол бағыттары мен тиісті жобаларға қатысты ұсыныстар келтірілген», – деп мәлімдеді.

Германия Қазақстанның ең ірі үш сауда әріптесінің қатарына кіреді. 2017 жылы шілдеде Қазақстан мен Германия іскерлік кеңесінің отырысында құны 872 млн еуроға бағаланатын 21 келісімге қол қойылды. Ал биыл 25 наурызда Германия Қарулы Күштерінің әскери қимылдарды модельдеу және әскери медицина саласында цифрлық мониторинг жүйесін пайдалануды үйрену мақсатында арнайы жасақ бөлімшелері арасында тәжірибе алмасу туралы келісімдерге қол қойылды.

"The Qazaq Times"