Әлемдегі интернет қолданушылары асыға күтіп жүрген 5G технологиясы АҚШ пен Оңтстік Кореяда алғаш рет іске қосылды. Ол «зерделі телефон» қолданушылардың мүмкіндігін кеңейтеді деп күтілуде. 5G технологиясы шынында өмірді өзгерте ме? Болса қалай?

Кореяның Samsung компаниясы Galaxy S10 смартфондары 5G байланысына қосылғаннан кейін интернеттің жылдамдығы 20 есеге тездейтінін мәлімдеген. Өз елдерінде 5G технологиясын дамытып, өмірге қолайлылық әкелуге бірқатар елдер дайындалуда. Бұл елдерде 5G байланысы жүргізушісіз көліктерді дамытуда да аса маңызды екені айтылуда. Алайда, оның да көлеңкелі тұстары бар екені айтылып жатыр. Кейбір сарапшылар 5G интернеті қауіпсіздікке тың қатерлерді де алып келеді деп қарайды.

5G дегеніміз – зерделі телефондардың, яғни смартфондардағы интернет байланысын құраған технологияның 5-ші буыны. Оны қолданушылар жылдам әрі тұрақты интернетке ие дегенді білдіреді. Мамандардың пікірінше, 4G-ға қарағанда 5G технологиядағы үлкен бұрылыс саналады. Осы бес ұрпақ технологияны бағамдай қарасақ, 1G тек дыбыспен байланысуға ғана қабілетті еді; 2G пайда болғаннан кейін адамдар телефон арқылы мәтіндер алмаса алатын болды; 3G-мен бірге фото-суреттер телефонда пайда болды; 4G видеоны ала келді.

Ал, бесінші буынның мүмкіндігі бұлардың бәрін қамтумен қатар, цифрлы басқару, алыс аралықты басқару тағы басқа да көптеген жаңа мүмкіндіктерді ала келмек. Қазіргі кезде бұл технология бірқатар елде сынақтан өтуде. Оңтүстік Корея бесінші ұрпақ технологияны пайдалануда көш бастап тұр. Өткен аптада Кореяның үші ірі компаниясы 5G технологиясын кеңінен пайдалану процесіне өтті.

Ал, АҚШ бұл технологияға қытайлық «Хуавей» компаниясының араласуы қауіпсіздікке қорқыныш алып келеді дейді. Себебі, АҚШ тарабы аталған қытайлық технология компаниясын тыңшылықпен айналысады деп айыптайды. Ақ үйдің бірнеше рет жасаған ескертуіне сенер болсақ, Қытай үкіметі бұл технологияны пайдаланып, азаматтарының және өзге елдердегі қажет болған кез-келген жеке тұлғаның өмірін бақылауына алуы мүмкін екен.

Жаңа технологияны алғашқылардың бірі болып іске қосуға келесі кезекте Қытай, Сингапур, Ұлыбритания, Аустралия және Жапония қатарлы елдер дайындалуда.

“The Qazaq Times”