Қытай ақпарат құралдары жақында Қытайдың сыртқы экономикасы тудырған қайшылықтардың ел ішіндегі үлкен әсерлері туралы айтып, дабыл қағуда. Қытайда қазір шетел инвестициясының Қытайдан қол үзу процесі орын алуда. Oracle АҚШ технологиялық компания, McDonald’sMarks & SpencerCity Bank т. б. Шетел инвестициясының Қытайдағы тұрақты мүлкі мен пайдаланылған инвестициясы күрт азайып кеткен. Бұл болашақ Қытай экономикалық тоқырауына тікелей әсер етуі бек мүмкін.

Жаңа ғасырымыз басталғалы бері Қытай «Әлемдік фабрика» деп аталып, арзан еңбек күші, арзан жер ресурстары мен салыстырмалы алып айтқанда жетілдірілген инфрақұрылымының арқасында, дүние капиталдарын магниттей тартып әкетті. Қытай экономикасы орнынан тез тұрып, Шығыс Азия елдерімен бірге әлем экономикасында көш бастауға дейін барды. Қазіргі кезде шетел инвестициясын тартудың жоғары көрсеткішін көрсеткен бұл елде, шетел инвестицияларының шығып кетуі – ең қызу пікір таластағы тақырыпқа айналды.

Қытай орталық сараптау бюросының көрсеткен қортындысында, шетел инвесторларының Қытайдағы тұрақты мүлкі жылдан жылға қысқаруда. Айталық, 2016 жылы шетелдік инвестицияның Қытайдағы жылжымайтын мүлкінің жалпы құны ¥ 21 млрд 197 млн болған. Бұл көрсеткіш 2011 жылдары 326 млрд 981 миллион юанды құраған болатын. Бұған қарағанда шетел инвестициясының Қытайдағы тұрақты мүлкі бес жыл ішінде 62,94 пайызға дейін азайған.

Бұдан тыс, 16 ақпандағы Қытайдың Сауда министрлігі де бір қатар сараптамалық мәліметтерді таратты. Онда көрсетілуінше, биылғы жылдың қаңтар айында шетелдік инвестицияның Қытайдағы нақты пайдаланылған құны 12 млрд АҚШ долларын құрап, өткен жылғы ұқсас мезгілден 14.73% -ға төмендеген. Жалпы деректерді салыстыра отырып, Қытай Сауда министрлігі инвестиция ағымында айлық көрсеткіштердің ұзақ мерзімдік инвестиция кіріс-шығысын дәлелдеп бере алмайтынын ескертсе де, шетел инвестицияларының Қытайдан қол үзе бастауы анық байқалып жатқанын жасыра алмады.

Қытайдың жоғары лауазымды органдарының болжауынша, алдағы уақытта қытайда шетел инвестициясымен жұмыспен қамтылып отырған 45 миллион адам жұмыссыз қалмақ. Сонымен қатар, шетел капиталдарының қол үзуі толассыз жалғасса, Қытайдағы тұтынудың жоғары дәрежесіндегі азаматтардың тұрмысына айтарлықтай әсер етеді. Осының бәрі алдағы қытай қоғамында туылатын жаңа толқу қаупін көрсетіп отыр.

Шетел инвестициясының неге Қытайдан қол үзуде? 45 млн қытайлықтың жұмысын тартып алған сірә, қандай фактор? Осы қатарлы сұрақтар қазір қытай ақпарат құралдарында қызу талқылануда.

Қытайдың «Самұрық» (Fenghuang – Ifeng.com) ақпараттық сайты жасаған сараптамада мынадай себептерін көрсетеді.

Бірінші. Қытайда өндіріс құны жоғарлады.

Соңғы жылдардан бері Қытайдың экономикалық ашық райондарында өндіріс құнының жоғарлауы үздіксіз артып келеді. Салық мөлшерін қысқарту бәсеңдеп, шетел инвестициясына барған сайын қолайсыздықтар туғыза бастады.  Жалақының таңқаларлық деңгейде болса да, Қытай үкіметі  айлықтың өсуін тежемеді. Тіпті бірнеше жылдан бері жалақы құны ең жоғары ел болып келді. Ал, айлық жалақының жоғарылығы инвесторлардың ең көңіл аударатын мәселесі.

Екінші. Қытай сыртқы саясат үшін, инвестиция салу мөлшері шектен асты.

Қытай Сыртқы саясатының дамуына ілесе, шетелдегі көптеген елдерде  инвестиция салу мен тарту шектен тыс артты. Ол ғана емес, бұған нақты саясат арқылы шектеулер жасалынбады. Мүлік түрлері, энергия үнемдеу шарттары да қалыптан тыс болды. Салық жүйесінде де шетел инвестициясына қаратқан «супер-ұлттық режимі» қазіргі күнде жарамсыз болып табылады.

Үшінші. Қытайда еңбек құны бұдан кейін де арзандамайды.

Қытай валюта саясатының жылдан-жылға зат құны мен  жалақы құнына қайшы екені байқала бастады. Сондықтан да Қытайдағы еңбек жалақысы төмендемейді. Есесіне, тұтынудың жоғарлауына байланысты барған сайын артуы мүмкін.

Төртінші. Нарықтағы базар бәсекелестігі барған сайын артуда.

Аталған себептерден тыс, кей бір шетелдік кәсіп орындардың басқару жүйесі қытайда аса тиімсіз болып табылады. Басқару жүйесіне өзгеріс жасау ол компанияның тұтас құрылымына қайшы, ал бұл өзгеріс жасалмаса қытай базарында тамыр алуы қиынға соғады. Сондықтан бұндай компаниялар қытай базарынан шегініп шығуына тура келеді. Айталық, Nokia, Motorola секілді компаниялар қытай базарынан ертерек тайып тұрды.

Міне, осы сынды себептер Қытайдағы шетелдік инвестицияның кері қайтуын тудырып отыр. Қытай экономикасының алдағы он жылда ауыр сындарға тап келетіні анық. Себебі, инвестицияның кері қайтуы қытайлық компаниялардың өзіне де әсер етеді. Көп санды қытайлық кәсіпорындардың халықаралық нарықта қабілеті төмен. Олар селбестік орнатқан шетелдік кәсіпорындардың кетуімен, жергілікті кәсіп орындардың селбестіктері  кеми түседі. Ал одан бизнес жүргізудің жоғары құнына да  кері ықпал туылады. Экономикалық нақты капиталдардың сыртқа ағылуына себеп болады. Әсіресе қызмет өтеу салаларында зор өзгеріс тудырып, еңбек нарығына соққы жасайды. Оған мүлік құнсыздануын қосыңыз. Бірте-бірте тұтас экономикалық құлдыраудың негізгі  факторларын келтіріп шығарады.

“The Qazaq Times”