Кеше, 25 наурыз күні Ақмола облысының Қоянды жерінде XX ғасырдағы қазақ ұлт-азаттық күресінің жетекшісі, дала көкжалы Оспан батырдың 120 жылдық мерей тойына орай қазақ күресінен республикалық турнир өтті.

Шараны ҚР Белбеу күресі және Ұлттық күрес түрлері қауымдастығы, Ақмола облыстық Белбеу күрес федерациясы мен «Ер Жәнібек» атындағы халықаралық қоғамдық қоры бірлесе ұйымдастырған.

Республикалық турнир екі мазмұнда, яғни 2003-2004 жылғы жас өспірімдер арасында және қазақ күресінен "Түйе балуан" сайысы ретінде өтті. Жүлде қоры мол додаға республикамыздың 8 облысынан және Алматы мен Елордадан 150-ден астам спортшылар қатысқан.

Батырдың мерейтойына арналған турнир. Фото: "Ер Жәнібек" ХҚҚ.

Оспан батырдың туғанына 120 жыл толуына орай ұйымдастырылған спорт бәсекесіне «Ер Жәнібек» қоры мен өзге де қоғамдық ұйымдар және батырдың тіке ұрпақтары қолдау көрсеткен. Концерттік шараларымен қатар ұйымдастырылған спорттық бәсеке жоғары деңгейде өз мәресіне жетті.

“The Qazaq Times”