Мексикалықтар АҚШ президентті Дональд Трамптың екі ел шекарасына қорған салып, Мексикадан кіретін тауарларға салықты жоғарлатуына қатты наразы. 24 ақпанда, Мексика сыртқы істер министрі жариялаған мәлімдемеде: « Егер, Трамп шынымен де екі ел арасына қорған тұрғызып, бізден кіретін тауарларға салықты арттыратын болса, онда, Мексика үкіметі де оған тап сондай жауап қайтарады», – деді.

Мексика сыртқы істер министрінің сол елдің БАҚ құралдарына берген сұхбатында: «Біз АҚШ-тан импорт етілетін кез-келген тауарға салықты көбейтпейміз. Себебі, бұл мексикалық тұтынушыларға зиян келтіруі мүмкін. Біз барынша еліміз тұтынушыларының мүддесін қорғай отырып, салық салатын тауарларды талдап шығамыз», – деді. Мексика министрінің сөзіне қарағанда, АҚШ үкіметінің жасап отырған біржақты салық белгілемесі, оңтүстік көршісінің мүддесіне қайшы болып отыр. Себебі, бұл салық ережесі сатып алатын барлық тауар түрлерін қамтуда. Айталық, автомобиль, телефоннан тартып, күнделікті тұтыну бұйымдарына дейін әсер етпек.

Трамп болса АҚШ, Канада, Мексика үш ел арасында Солтүстік Америка еркін сауда келісімін қайта қарау туралы ұсыныс тастауда. Мексика жақ кейбір мәселелерде ашық пікірді ұстануға дайын отыр. Тіпті, Солтүстік Америка еркін сауда одағын жандандырған күнде де, АҚШ-тың тарифтерін қабылдамауға да дайын. Осының бәрі Мексикадан кіртін тауарларға қойған жаңа салық ережесіне, мексикалықтардың жауабы болып табылады.

Өткен айдың соңында (25 қаңтар) Трамп, АҚШ-Мексика шекарасындағы салынатын қамал құрлысына Мексикадан төлем талап еткен болатын. Ол тағы, егер Мексика үкіметі бұл төлемнен бас тартқан жағдайда, АҚШ бұл құнды басқа жолдармен өндіріп алатынын да айтып еді. Естеріңізде болса, сол кезде Мексика президенті Энрике Пенья Ньето: «Мексика қамал құрлысының ақысын төлеуге міндетті емес» деген болатын. Ол және сол айдағы АҚШ-қа жасалатын ресми сапарын күшінен қалдыру арқылы өз қарсылығын білдірген. Сырт елдің сарапшылары Мексика тауарларына салынатын салықтың жоғарылатылуы, Трамптың осы сөзінен келіп шыққан деп қарайды. Алайда, олардың көзқарасынша АҚШ үкіметі салық мөлшерін біржақты белгілеуге құқылы екен.

Фото: The Atlantic

АҚШ үшін Мексика ежелден маңызды көрші болып келді. Мексиканың АҚШ пен Латын Америкасын тұтастыратын географиялық ерекшелігі де Құрмама Штаттар үшін аса маңызды. Екі елдің тауар айырбас мөлшері де 3 млрд Америка долларынан асады. Егер алдағы уақытта Мексика үкіметі АҚШ-тан кіретін тауарларға салықты күшейтер болса, ең алдымен зардап шегуші америкалық тұтынушылары болатыны анық. Десе де, бұл Құрама Штат экономикасына күрделі түрде әсер етуі екіталай.

“The Qazaq Times”