Тараздағы жарылыстан зардап шеккендер саны артқан.

Жарылыс салдарынан зардап шеккен тағы бір адам ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта науқастың хал-жағдайы тексеріліп жатыр. Ал жарылыс болған үйдің тұрғындары осы үйдің жанындағы №41 мектепке орналастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, 27 ақпанда таңертеңгі уақытта Тараз қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің бірінде жарылыс болып, үш адам мерт болды. Жарылыс газ жабдығын пайдаланудан болуы мүмкін.

"The Qazaq Times"