Қазақстан СІМ Үндістан мен Пәкістан байланысына қатысты мәлімдеме жасады.

Ресми мәлімдемеде айтлғандай, «халықаралық құқыққа қайшы әрекет жасамай, барынша сабырлық таныту екі ел арасындағы мәселенің алдын алудың тиімді жолы». Сонымен қатар, барлық тарап үшін қауіпсіздік және бейбітшілік маңызды.

Бұған дейін Еуропалық Одақ елдері жиын өткізіп, екі ел арасындағы жағдайды талқылаған болатын. ЕО өкілі Майя Косьянчич: «Үндістан мен Пәкістан арасындағы жағдайдың даму барысын мұқият бақылаймыз. Қос тараппен де байланыстамыз. Жанжалды одан ары ушықтырмас үшін екі ел бірлескен кездесу өткізіп, мәселені шешіу тиіс деп санаймыз. Бұл жағдай екі жаққа да адамдар шығынын әкеледі», – деді.

Айта кетейік, 14 ақпанда Жамма мен Кашмир аймақтарында терракт орын алып, Үндістанның 44 әскери қызметкері қаза тапқан болатын. Ал 26 ақпанда Үндістан қарулы күштері Пәкістанның Кашмир аумағына әуеден соққы жасады.

"The Qazaq Times"