Нұрсұлтан Назарбаев Мәжіліс бюросының отырысына қатысты. Онда ол Асқар Мәминнің премьер-министр болып тағайындалғанына қатысты мәлімдеме жасады.

«Алдыңғы үкімет отставкаға кетті. Осыған байланысты мен сіздермен жаңа премьер-министр Асқар Мәминнің кандидатурасын талқыламақпын. Ол менімен бірге ширек ғасыр жұмыс істеді және керекті тәжірибеге ие. Қала әкімі, көлік министрі, премьер-министрдің бірінші орынбасары болды. Оның бастамасымен көптеген дүниелер жүзеге асырылды» - деді Назарбаев.

Бұдан бөлек Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазір оңай уақыт емес. Біздің алдымызда үлкен мәселелер тұр. Жылдам алдыға жылжу керек» - деп мәлімдеді.

"The Qazaq Times"