АҚШ-тың бастамашыл азаматы Ян Хаммонд билік өкілдеріне электронды петиция жолдады. Онда мемлекеттік қарыздарын кеміту үшін Канадаға Монтана штатын сату туралы ұсынылған. Бұл туралы The New York Post хабарлап отыр.

«Біздің қарызымыз өте көп. Ал, Монтана босқа тұр», - деп жазған Янның пікірін 12 мың америкалық азамат қолдаған. Қазіргі таңда АҚШ билігі мұндай сатылымдарға тосқауыл қою үшін алғышарттарын жасауға кірісті.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда АҚШ-тың мемлекеттік қарызы $22,012 трлнды құрап отыр. Мұндай жағдай Америка тарихындағы ең максималды қарыздық көрсеткіш болып табылады.

"The Qazaq Times"