Үкімет жұмысы ішінара тоқтатылғаннан бері АҚШ-қа 11 миллиард доллар көлемінде шығын келген. Бұл туралы Конгрестің бюджет жөніндегі басқармасы мәлімдеді.

Ақ үй басшылығының мәлімдеуінше, алдағы тоқсанда қызметкерлер өз жұмысына оралып, 11 миллиардтың 8 миллиарды қайта қалпына келеді.
22 желтоқсаннан бастап АҚШ-та шатдаун – үкімет құрылымдарының жұмысын ішінара тоқтату басталған. Сол себепті әлі күнге дейін ел бюджеті толық бекітілген жоқ. Бекітілмеген бюджет салдарынан 800 мыңнан астам мемлекеттік қызметкер ақылы демалысқа кетті. Сондай-ақ, 22 желтоқсаннан бері АҚШ федералды билігінің жұмысы ішінара тоқтатылды.

"The Qazaq Times"