Ғалымдардың айтуынша, ұйқы режимі дұрыс емес сот төрешілері өте қатаң шешім шығарып, қылмыскердің қылмысына сәйкес жазаның ең ауыр түрін қабылдауы мүмкін. Бұл туралы naked-science тілшілері хабарлайды.

Көп жағдайда, қылмыс түрлеріне байланысты қолданылатын жазаның түрлері ұсынылады. Ал шешім шығару (айыппұл мөлшері, түрмеге отыру уақыты, бас бостандығынан айыру-айырмау, т.б.) сот төрешілерінің еншісіндегі мәселе.

Қабылданған шешім көпшіліктің және БАҚ өкілдерінің назарынан тыс қалмасы анық. Уашингтон университетіндегі бір топ америкалық ғалымдар арнайы зерттеу жүргізді. Олар ұйқысы қанбайтын немесе ұйқысыздықпен қиналатын сот төрешілеріне баса назар салған. Бұл жұмыстарына ешқандай артық манипуляцияның да қажеті болмай шықты. Ғалымдар кәдімгі сот процесіне қатыса отырып анализ жасаған. Олар: «Нәтиже біз күткендей болды. Ұйқысы қанбай жүрген сот төрешілері өзгелермен салыстырғанда (5 пайызға) өте ауыр жаза қолданды», – дейді. Бес пайыз дегеніміз біреулерге аз ғана мөлшер болып көрінгенімен, біреулер үшін бұл бостандықта не темір тордың арғы бетінде отыратын алтын уақыт.

«The Qazaq Times»