Халықаралық олимпиада комитеті Ресей олимпиада комитетіне Спорттық арбитраждық сот (CAS) үкімін орындау туралы өтініш жолдаған. Бұл ретте ХОК Спорттық арбитраждық сот (CAS) шешімін қолдамаған Мәскеу қалалық сотының шешіміне алаңдаулы.

Егер Олимпиалық хартия орындалмаған жағдайда ХОК Ресейдің әрекетіне қатысты түрлі санкциялар қабылдауы мүмкін. Бұл ретте Ресейдің олимпиадалық құрамасы 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарынан шеттетілуі мүмкін. Ресей олимпиада комитеті Мәскеу қалалық сотының шешіміне байланысты апелляция беріп қойған.

22 қараша күні Халықаралық олимпиада комитеті Ресей бобслей федерациясының президенті Александр Зубковтан екі алтын медалді қайтаруды талап еткен. Бұған дейін бір күн бұрын Мәскеу қалалық соты Зубковтың олимпиада чемпионы мәртебесін өзінде қалдыру туралы және CAS шешіміне қарамастан марапаттарды сақтау туралы шешім шығарған. «Судья CAS шығарған шешімді мойындаған жоқ. Ресей территориясында. Дәлелдер болмады. Осылайша, Ресей территориясында мені олимпиада чемпионы ретінде тану шешімі қабылданды» деп мәлімдеді Зубков.

Еске сала кетсек, 2017 жылдың қараша айында Зубков 2014 жылы Сочи олимпиадасында допингке қарсы ережелерді бұзды деп айыптап, өмір бойына спорттан шеттеткен. Спортшы Сочи олимпиадасындағы екі алтын медалінен айырылып қалған еді. Кейінірек CAS өмір бойына спорттан шеттету үкімінің күшін жойды. Алайда Зубковқа тиесілі екі алтын медалді қайтарып берген жоқ.

"The Qazaq Times"