Ресей Қаржы министрлігінің 17 ақпан күні жасаған мәлімдемесінде, Ресейдің Кеңес одағы кезіндегі қарыздары турасында мәліметтер беріп, биылғы жыл соңына дейін Босния және Герцеговинаға ең соңғы қарыздарын өтеуді жоспарлап отырғанын хабарлады. Бұл туралы Chinanews хабарлайды.

«Известия»-ның хабарында: «Ресей Қаржы министрлігі осы жылдың жыл соңнан бұрын Кеңес одағынан қалған барлық қарызды толықтай өтеу жоспарын жасап отыр», – делінген. Ресей Қаржы министрлігінің өткен аптадағы мәлімдесінен, Ресей осыдан бұрын Кеңес одағының Македониядағы $ 60,6 млн қарызын өтеп болған. Алда, Босния және Герцеговинадағы Кеңес одағының қарызын өтеу міндеті бары белгілі болған еді. Бұл аталған екі ел Югославияның ыдырауынан құрылған елдер болып, Кеңес кезіндегі қарызды қалпына келтіру құқығына ие.

Аталған екі елмен Ресей үкімет тараулары қатысты келісімдерді әзірлеп болған. Жылдың соңғы бірнеше айында қарыз қайтарылып, қарыздың өтелуін растайтын келісімдерге қол қойылады. Бұл қарыз Ресейдің Сыртқы Экономика Банкі арқылы бір ретте өтелетін болады. Ресей үкіметі бұл қарыз өтеу ісінің қарапайым түрде атқарылатындығын, барлық келісімдер мен әзірліктер жаз айларында аяқтайтынына сенім білдірді.

«Известия» Ресей Қаржы министрлігінің хабарына сілтеме беріп, бұл соңғы рет төленетін қарыз мөлшері 512,3 млрд рубльді құрайды деп көрсетті. Қарыз қайтару келісіміне қол қойғаннан кейін Ресей жақ 45 күн ішінде өтеп болуы тиіс. Аталған екі елге деген берешегі өтелсе Ресейдің Кеңес одағы кезінен қалған қарыздарынан толықтай ада болған болады.

“The Qazaq Times”