Германияда Deutsche Bank-тің алты бөлімшесінде тінту жүргізілді.

Осыдан бірнеше жыл бұрын заңсыз қаржылық операциялар журналистердің қолына түскен «Панама досьесінде» көрсетілген. Жүргізілген іздеу жұмыстарына байланысты бүгінде банктің акциялары 3%-ға арзандады.

Мәліметтер бойынша, аталған банк біраз уақыт бойы клиенттердің қаржысын офшорда жасырып келген. Сол себепті қаржылық қылмысты айғақтайтын дәлелдер Майндегі Франкфурт қаласының банк бөлімшелерінде іздестірілді. Полиция қызметкерлері жүргізген операцияға 170 тәртіп сақшысы, прокуратура мен салық полициясының қызметкерлері қатысты.

"The Qazaq Times"