Қытайдың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Қауіпсіздік кеңесте адам құқығы мәселесін талқылауға қарсы екенін білдірді. Қытайдың арнайы өкілі Ма Чаушүй бұндай мәлімдемені, кеше, Қытайдың қараша айында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі жұмыстарының қорытындысына арналған баспасөз жиынында айтты.

Баспасөз мәжілісінде журналистердің бірі АҚШ-тың Солтүстік Кореядағы адам құқығы мәселесін Қауіпсіздік кеңесте талқылау туралы өтініш жасап отырғанын, Қытай тарабы бұған қалай қарайтынын сұраған. Ма Чаушүй өз жауабында, Қытайдың ұзақ уақыттан бері ұстанып келе жатқан позициясы аталмыш кеңесте адам құқығының талқылануына қарсы тұру екенін білдірді. Оның айтуынша, Қытай тарабы БҰҰ-дағы ұйымдар өзінің өкілеттігі бар жұмыстарға сәйкес болуы, әрі, ұйымдардың арасында жұмыс бөлісі айқын болуы керек деп қарайды.

Associated Press ақпараттық агенттігінің хабарында, АҚШ осы аптада БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Солтүстік Кореядағы адам құқығын қорғау мәселесін талқылау үшін кеңес өткізуді сұраған. Бұл өз кезегінде Солтүстік Кореяның күшті қарсылығына ұшырады.

Солтүстік Кореяның БҰҰ-дағы өкілі Ким Соң Қауіпсіздік кеңестегі АҚШ-тан өзге мүше елдерге хат жолдап, аталмыш отырсты өткізуге қарсы дауыс беруін сұраған. Ол хатында АҚШ және оның одақтас елдері «барлық ықтимал тәсілдерді қолданып, аталған жиналысты өткізуге тырысып отырғанын», бұл қадам Солтүстік Кореяны «қарсыласуға итермелеу»  әрекеті деп айыптаған.

Жалпы, Қауіпсіздік кеңес соңғы төрт жылдан бері Солтүстік Кореядағы адам құқығы мәселесін талқылады. БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комиссия қарашаның басында бір ауыздан шешім шығарып, Солтүстік Кореядағы «ұзақ уақыттан бері, әрі жүйелі, бүкіл мемлекеттік деңгейде адам құқықтарының бұзылып отырғанын» айыптаған болатын. Сонымен бірге, КХДР билігін адам құқықтарын бұзу әрекеттерін тез арада тоқтатуға шақырған.

“The Qazaq Times”