Латын Америка мемлекеті Венесуэла АҚШ-тың CNN телеарнасының испан тіліндегі эфирлерін тоқтатты деп хабарлады trt.net.

Каракас әкімшілігі «CNN телеарнасының венесуэлалық дипломаттардың террористтерге паспорт сатқаны» жайлы қауесет хабарды себеп ретінде көрсетті.

CNN телеарнасы болса аталмыш хабарды дәлелдейтінін, үкімет қабылдаған шешіммен венесуэлалықтардың CNN телеарнасы жаңалықтарына қол жеткізу мүмкіншілігіне тосқауыл қойылғанын, бірақ телеарнаның «YouTube» пен интернет арқылы эфирлерін жалғастыратынын атап көрсетті.

Мәлімдемеде «CNN испан тілі ретінде баспасөз еркіндігінің мықты бір демократияда маңызды роль ойнағанына сенеміз» делінді.

«The Qazaq Times»